2024 жылы Қазақстандағы шетелдік жұмыскерлерге бөлінген квота жұмыс күшінің 0,23%-ын құрайды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жыл сайын жұмыс берушілердің қажеттіліктері бойынша Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға квота мөлшерін бекітіп, бөледі. 2024 жылы бөлінген жалпы квота саны еліміздегі жұмыс күшінің 0,23%-ын немесе 22 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.

2024 жылы ШЖК-ны жұмысқа тарту бойынша 4 санатта квота бөлінді: бірінші санат бойынша 906 рұқсат (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 5 054 рұқсат (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Рұқсаттардың негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 10 786 және 2 888 бірлік. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 2 366 адамға дейін жұмыс күші тартылуы мүмкін.

Бұдан басқа, 2024 жылы үй шаруашылықтарында жұмыс істеу үшін еңбек иммигранттарды тартуға арналған квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 3,1% немесе 271,3 мың бірлік мөлшерінде белгіленген.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілерге ШЖК тарту үшін 14,5 мың рұқсат берді және ұзартты, бұл қайта бөлінген квотаның 78,5% - ын (18 мың) құрады.

Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша 13 183 шетел азаматы жұмыс істейді.

2023 жылы үй шаруашылықтарында жұмыс істеу үшін еңбек иммигранттарын тартуға 305,8 мың бірлік квота белгіленді. Ал жергілікті атқарушы органдар 295 261 рұқсат берді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
6357 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3789
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2444
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3198
Forbes Video

Досым Сатпаев: Парламент как парк НУРского периода

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить