Қазақстан мен Латвия «жасыл» энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

 Қазақстан Елшісі Дәурен Кәріповтің Латвияның Климат және энергетика министрі Каспарс Мелниспен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар халықаралық климаттық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Жаңартылатын энергетика саласындағы екіжақты өзара іс-қимылды жолға қою Қазақстан-Латвия көп қырлы ынтымақтастығына Елеулі қосымша болатынына келісті.

Қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны Қазақстанның экологиялық саясаты туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің көміртекті бейтараптыққа көшуі бойынша, оның ішінде «жасыл» сутекті өндіру жөніндегі ірі объектілерді іске асыру арқылы нақты қадамдар жасағанын атап өтті.

Өз кезегінде Министр Латвия энергетикасының «таза» әлеуеті туралы айта отырып, жаңартылатын энергетиканың тиісті инфрақұрылымын және оны экспорттау тетіктерін құруда тәжірибе алмасуға дайын екенін айтты.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
6168 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4309
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 3016
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3770
Forbes Video

Ляззат Ибрагимова: о росте цен на жилье и пенсионных накоплениях казахстанцев

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить