QazAvtoJol компаниясының Жамбыл облыстық бөлімшесі директорының орынбасары пара алу күдігімен ұсталды. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.
«Сотқа дейінгі тергеудің басталғаны туралы растаймыз. Қосымша ақпаратты жақын уақытта хабарлаймыз», - деді агенттіктен.
Кейбір БАҚ-тың жазуынша, директор орынбасары Дәурен Төлтаев қызылордалық мердігер компаниядан ақша бопсалаған.
Вам может быть интересно: «Шарль Мишель ответил на критику в связи с решением досрочно оставить пост главы Европейского совета»
