Елімізге қай елден ең көп саяхатшы келген?

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында елімізге 834,9 мың шетелдік турист саяхаттаған. Бұл – 2022 жылғы көрсеткішке қарағанда 225 мың адамға көп. Яғни, өсім 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37%-ға артқан. 2022 жылы елімізге 609,8 мың шетелдік келген.

Статистикалық мәліметтер бойынша, елімізге саяхаттайтын шетелдік туристердің географиясы жыл санап артып келеді. Мәселен, Қазақстанға жақын көршілерімізден бөлек, мұхиттың арғы бетіндегі мемлекеттердің де саяхташылары көптеп келе бастады. Осы орайда, назарларыңызға 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында елімізге саяхаттаған ТОП-5 елдің туристер санын ұсынамыз.

2023 жылдың алғашқы 9 айында еліміз бойынша ең көп саяхатшы –Ресей Федерациясынан келген. Былтырғы қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанға 356 850 мың ресейлік саяхаттаған. Екінші орынды Қытай туристері иеленді. Шығыстағы көршімізден елімізге 75 131 адамның табаны тиген. Ал үшінші сатыға Түркия туристері тұрақтады. Анадолы елінен 41 134 турист келген. Сондай-ақ үздік бестіктің қатарына Үндістан (34 757) және АҚШ (28 160) саяхатшылары енді.

«Жыл сайын шетелдік туристердің Қазақстанға деген қызығушылығы арта бастағанын байқап отырмыз. Мәселен, 2022 жылы елімізге 900 мыңнан аса шетелдік саяхатшы, ал өткен жылдың 9 айында 800 мыңнан аса шетелдік қонақ келген. Биыл бұл көрсеткіш бұдан да көбейе түседі деген сенімдеміз. Өйткені елімізде шетелдіктерді таңқалдыратын, сұлулығымен өзіне тартатын, көрсе көз тоятын көрікті жерлер, табиғат сый етіп берген сұлу мекендер аз емес. Сонымен қатар министрлік байтақ жерімізге табаны тиген әрбір саяхатшыға ұмытылмас әсер қалдыру үшін жұмыс істеп жатыр», - деп атап өтті Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2098 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3981
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2667
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3386
12 апреля родились
31 канал
день основания телекомпании «31 канал»
Forbes Video

Китайские машины, утильсбор, льготные автокредиты

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить