Астанада 2024 жылдың 1-2 тоқсанында құрылысы ұзаққа созылған тағы 10 тұрғын үй кешені аяқталады

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендерінің соңғы бөлігі биыл аяқталатынын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Араби 2 - Гранитный 2», «Арыстан, 4-блок», «Future home» секілді ұзаққа созылған нысандардың құрылыс барысымен таныстым. Бұл тұрғын үй кешендерінің құрылысының басталғанына 12 жылға жуық болды.

Мысалы, «Араби 2 - Гранитный 2» тұрғын үй кешені 2013 жылы проблемалы деп танылған.
Мұнда 200-ге жуық отбасы баспанасын күтіп жүр.

«Future home» тұрғын үй кешенінің құрылысы да 2013 жылы басталған. Нысанды ЕҚК-ге беру кезінде 4 және 7 қабаттар ғана салынған.

Құрылысы ұзаққа созылған нысандар бойынша ауқымды жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Осыған дейін мемлекеттің қолдауының арқасында 16 мыңнан астам үлескер отбасының 15,5 мыңға жуығы баспаналы болды. Ұзаққа созылған 140-тан астам тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды.

Мысалы, 2023 жылы құрылысы ұзаққа созылған 32 тұрғын үй кешені болатын.
Былтыр ұзаққа созылған 22 тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды. Биыл 10 үй қалды, олардың құрылысы осы жылдың 1-2 тоқсанында аяқталады. Осылайша, қалған 500-ге жуық үлескер отбасы баспаналы болады.

Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың құрылысы Мемлекет басшысының тікелей бақылауында», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2301 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4306
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 3012
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3765
23 сентября родились
Мурат Бекмагамбетов
заместитель председателя правления АО «Казахстанский центр индустрии и экспорта QazIndustry»
Forbes Video

Зачем Bereke Bank сменил имидж

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить