Air Astana әуекомпаниясының борттарын ауыстыруға қатысты бірқатар тапсырмалар берілді

«Air Astana» әуекомпаниясының әуе кемелерін жолаушыларға алдын ала тиісті хабарламасыз «Fly Arystan» әуе кемелеріне ауыстыру жағдайларының көбеюіне байланысты Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев «Air Astana» АҚ-мен жұмыс кеңесін өткізді.

2023 жылдың өткен кезеңінде «Air Astana» әуе компаниясы 31 588 рейсті орындады, оның ішінде 226 рейсте «Air Astana» әуекомпаниясының әуе кемелері «Fly Arystan» әуе кемелеріне ауыстырылды, бұл орындалған рейстердің жалпы санының 0,7%-ын құрайды.

Кеңес нәтижесінде «Air Astana» әуекомпаниясына келесі тапсырмалар берілді:

1) «Air Astana» әуе кемелерін «Fly Arystan» әуе кемелеріне ауыстыру практикасын барынша азайту жөнінде шаралар қабылдасын;

2) әуе кемелерін ауыстырған жағдайда жолаушыларды алдын ала хабардар ету бойынша жұмысты орнату және қамтамасыз ету;

3) әуе кемені ауыстырған жағдайда жолаушыларға өтемақы төлеу тәртібі бойынша ұсыныстар әзірлеу;

4) «Air Astana» резервтік әуе кемелерінің санын 1-ден 2-ге дейін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау.

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі өз кезегінде рейс мәртебесі өзгерген кезде жолаушылар құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу бойынша жұмысты жалғастырады және бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік шаралар қабылдайды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3694 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3976
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2660
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3378
Forbes Video

Декларирование: ответы на вопросы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить