Жамбыл облысында биыл 65,8 мың га алқап су үнемдеу технологияларымен суарылады

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің төрағалығымен өткен жиында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қажетті техникамен қамтамасыз ету және «Ауыл аманаты» жобасы аясында су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелері сараланды.

Айта кетейік, биылдан бастап «Ауыл Аманаты» жобасы арқылы су үнемдеу технологиясын сатып алатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін 2,5 пайыздық мөлшермен несиелендіру көзделуде.

Жалпы, облыста суармалы жердің көлемі 181,8 мың гектарды құрайды. Оның ішінде, 107 мың гектар жер тиісті нормативтерге сәйкес сумен қамтамасыз етілген. Өткен жылы суармалы суды тиімді пайдалану мақсатында облыста су үнемдеу технологиялары 57,2 мың гектар алқапқа енгізілсе, биыл бұл көрсеткішті 65,8 мың гектарға жеткізу жоспарлануда. Ал, 2030 жылға дейін су үнемдеу технологияларын 92 мың гектарға дейін жеткізу көзделуде.

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Шәкір Момынқұловтың айтуынша, «Ауыл Аманаты» жобасы шаруашылықтарға су үнемдеу технологиясын сатып алуға мол мүмкіндік береді. Бастысы, мемлекеттік қолдау аясында су үнемдеу технологияларын жаңадан енгізген шаруашылықтарға 50 пайыз субсидия төленеді.

Басқосуда облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек су ресурстарын тиімді басқаруға және оларды қорғауға баса назар аудару қажеттігіне тоқталды. Ол өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су қауіпсіздігін қамтамасыз ету – стратегиялық маңызы бар міндет екендігін атап өткенін жеткізіп, аудан әкімдері тиісті басқармамен бірлесіп, шаруалардың сұранысы негізінде оларды су үнемдеу технологияларымен қамтамасыз ету шараларын жандандыруды тапсырды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2235 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3975
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2660
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3378
Forbes Video

Доктор Хегай – о лекарствах, лоббистах и недостатках медицины Казахстана

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить