Алматыда биыл жаңа электр станциясы іске қосылады

Алматыда қуаты 80 МВТ болатын қосалқы электр станциясы салынып жатыр.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, электрмен жабдықтау саласын модернизациялау үшін 200 мың тұтынушыны қамтитын электр қосалқы станциясының құрылысы жүргізіліп жатыр.

«2024 жылдың қыркүйегінде қуаты 80 МВт болатын «Тұзды бастау» қосалқы станцияның құрылысын аяқтау жоспарда. Айта кетерлігі, сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2040 жылға дейінгі перспективамен Алматы қаласының электр желілерін дамытудың 2030 жылға дейінгі сызбасының жобасы әзірленді», - деп хабарлады әкімдіктен.

Оған кабельдік желілерді, трансформаторлық қосалқы станцияларды, жабық тарату құрылғыларын салу және реконструкциялау кіреді.

Алматы мен қалаға қосылған аумақтарды электрмен жабдықтау сызбасын әзірлеу қосымша электр қуатын қосу бойынша тапшылықты жоюға, Бас жоспарға сәйкес қаланың дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Жобаны іске асырғаннан кейін тозған желілердің азаюына байланысты тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру көзделген. Алматы қаласы бойынша электр желілерінің ұзындығы – 8,6 мың км, ал электр желілерінің тозуы 65%»,- делінген әкімдік таратқан хабарламада.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2180 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3976
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2663
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3380
Forbes Video

Forbes Kazakhstan продолжает серию интервью в рамках рубрики Q&A. На этот раз бизнес-аналитик Батырхан Тогайбаев поговорил с известным отечественным бизнесменом Кайратом Мажибаевым

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить