Жамбыл облысында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі сараптамалық кеңестің отырысы өтті

Облыс прокуроры Н. Әбдіровтің сөздерінен:

«Прокурорлық сүзгі инвесторларға қысымды төмендетеді» - облыс прокуроры өңірдің инвестициялық жобаларын қолдау туралы.

Жамбыл облысы прокуратурасы жанындағы Сараптамалық кеңестің 10.01.2024 жылғы отырысында өңірлік бақылаушы, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдарға «Инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгі» жобасы таныстырылды.

Тұсаукесер облыс әкімінің, Парламент Мәжілісі депутаттарының және өңірдің ірі инвесторларының қатысуымен өтті.

Жобаға сәйкес енді бақылаушы және уәкілетті органдар инвесторларға қатысты шектеу-тыйым салу шараларын қабылдау туралы барлық шешімдерді келісуге тиіс.

Осы мақсатта облыс прокуратурасы инвесторларға тәулік бойы және демалыс күндері барлық проблемалық сұрақтар бойынша прокуратура органдарына жүгінуге мүмкіндік беретін Сараптамалық кеңестің құрамы мен прокурорлардың жұмыс тәртібін қайта қарады.

«Жамбыл облысында прокурорлар 5 ірі инвестордың проблемаларын шешті»

Жамбыл облысының прокуратурасы 2023 жылы 9 мың кәсіпкердің құқығын қорғады, оның ішінде жобалары 230 млрд теңгеге инвестиция салуды және 720 жұмыс орнын құруды көздейтін 5 инвестордың проблемалары шешілді.

Атап айтқанда, «Talas Investment Company» ЖШС прокурорлардың үйлестіруімен «Қазақстанның Даму Банкі»АҚ-да несие желісін ашуға мүмкіндік алды.

Басқа жағдайда, прокуратураның бастамасы бойынша қалдықтарды энергияға қайта өңдеудің отандық нарығындағы бәсекелестікті шектейтін экология Министрлігі ережелерінің күші жойылды.

Бірлескен жұмыстың оң нәтижелерін ескере отырып, Жамбыл облысының прокуратурасы мен әкімдігі жүйелі негізде қолдау жүзеге асырылатын инвесторлардың өңірлік тізбесін құру туралы шешім қабылдады.

Бұл шаралар мемлекеттік органдардың күш-жігерін нақты инвесторлар мен кәсіпкерлердің проблемаларын шешуге бағыттауға мүмкіндік береді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2750 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3975
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2660
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3378
Forbes Video

Китайские машины, утильсбор, льготные автокредиты

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить