Алматылық оқушылар Индонезияда өткен робототехника чемпионатында жеңіске жетті

Алматылық оқушылар робототехника бойынша тағы да үздік нәтиже көрсетті. FIRST Tech Challenge робототехника бойынша ашық ойындар Индонезияның Депок қаласында өтті. Жарысқа 5 елден 30 команда қатысты. Чемпионатқа Қазақстанның намысын қорғауға Алматы қаласынан «124» командасы аттанған болатын.

9-11 сынып оқушыларынан құрылған «124» командасының құрамында: Алдияр Жұмаділ, Илияс Әуезхан, Әлімжан Раев, Гауһар Жанас, Лаура Тоқтағали – №124 ЖББМ, Айханым Шамшадин, Арай Ержанқызы, Әлрахат Ұмытхан, Мерас Медғат – №81 мектеп-гимназия, Томирис Оңғарбек – №206 мектеп-гимназия, Әсел Үмбет – №178 лицей, Мира Демеуғалиева – №200 мектеп-гимназиясының оқушылары бар.

Алматылық оқушылар Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген 150 жас робототехника жасаушылармен бірге бірнеше күн бойы өз жұмыстарымен бәсекеге түсті. Нәтижесінде ел құрамасының қоржыны 7 жүлдемен толықты. Соның ішінде Алматылық оқушылар төмендегідей нәтижеге ие болды.

«124» командасы:
1 орын - Control award;
3 орын - Think Award;
3 орын - Connect Award.

Еске салайық, Индонезияда өткен чемпионатқа жолдаманы Қазақстаннан барған оқушылар 2023 жылдың желтоқсан айында Оқу-ағарту министрлігінің және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен USTEM Foundation Қоғамдық Қоры ұйымдастырған Almaty Tech Cup республикалық турнирінде жеңіп алған болатын.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3918 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3975
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2660
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3378
Forbes Video

Главы крупнейших частных школ Казахстана о том, растет ли качество среднего образования в стране

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить