Алаяқтықтың жаңа түрі: әлеуметтік желілердегі жалған «Төлемдер комитеті»


Әлеуметтік желілерде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын хабарлаймыз! Қаскүнемдер бейне бір ҚР Қаржы министрлігі атынан қандай да бір «Төлемдер комитетінен» депозиттер бойынша өтем ақша төленетіндігі жайында ақпарат таратуда.

Алдамшы есептер жүргізе отырып, олар сенгіш салымшыларға адам айтса нанғысыз сомалардың төленетіндігін айтады. Ал салымшылар заңдық көрсетілетін қызметтер және өтінішті тіркету үшін аздаған жарна төлесе, бұл ақшалар салымшылардың карточкаларына түседі-мыс.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ, Қор) депозиттер бойынша кепілді өтем төлеумен айналысатын жалғыз ұйым – өзі екендігін тағы да еске салады.
Сіздерден өтініш, естеріңізде болғай, ҚДКБҚ жеке тұлғалардан ешқандай түрде және мөлшерде ақша алмайды және ала алмайды. Қордың мақсаты – банк лицензиясынан айырылған жағдайда оның салымшыларына кепілді өтем төлеу. Қор операциялар жүргізгені немесе рұқсат беру құжаттарын ұсынғаны үшін ешқашан ақша талап етпейді.

Депозиттер бойынша өтем төлеуге қатысты алдын ала төлем талап еткен ешбір ұйымға ақша аудармаңыздар.

Депозиттер бойынша өтем төлеу туралы кез келген хабарламаны растау үшін алдымен ҚДКБҚ https://www.kdif.kz/ сайты секілді ресми ақпарат көздерін тексеріңіздер. Интернетте қырағы болыңыздар: жеке деректеріңізді жарияламаңыздар және күдік тудыратын сілтемелерге өтпеңіздер.

Алаяқтардың әрекеттеріне жол бермеу үшін осы ақпаратты достарыңызбен және отбасыларыңызбен бөлісіңіздер.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4414 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4309
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 3016
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3769
Forbes Video

MMA в Казахстане: как заработать на боях?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить