QAZAQ AIR әуекомпаниясы 2024 жылғы 15 қаңтардан бастап Астана -Новосібір маршруты бойынша әуе рейстерінің жаңартылғаны туралы хабарлайды. Рейстер канадалық de-Havilland Dash 8-Q400 жаңа генерацияланған әуе кемесінде аптасына 2 рет дүйсенбі және жұма күндері келесі кесте бойынша орындалады (жергілікті уақыт бойынша):
IQ 5005 Астана 20:40 – Новосібір 23:30
IQ 5006 Новосібір 00: 30 – Астана 01: 20
Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасын жаңарту – екі ел арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени-іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
