ІІМ жыл басынан бері іздеуде жүрген 58 қылмыскерді ұстады

Жыл басынан бері Ішкі істер министрлігінің жедел қызметтері мен оның бөліністері іздеуде жүрген 58 қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz. .

ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров Polisia.kz сайтының тілшісіне берген сұхбатында олардың кейбірі туралы айтып берді.

Ақтау полициясы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол өткен жылдың қараша айында мас күйінде кафелердің бірінде болған жанжал барысында қала тұрғынын ұрып-соққан. Жәбірленуші ауыр хәлде ауруханаға жатқызылған болатын. Өзбекстанның Үшқорған қаласында жергілікті құқық қорғау органдары Алматы облысының криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, екі адамның өліміне қатысы бар, іздеуде жүрген осы елдің азаматын ұстады. Ер адам 2012 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында жұмыс істеп жүріп, зейнеткерлердің үйіне заңсыз кіріп, оларды өлтіріп, ақша ұрлап кеткен.

Елорда полицейлері қостанайлық әріптестерімен бірлесіп, 2020 жылы Астанадағы жобалық тұрғын үй кешенінде пәтерлерді инвестициялау және броньдау сылтауымен 144 үлескердің ақшасын иемденген ЖШС директоры мен құрылтайшысын ұстады. Қаскөй тағы екі басқа ЖШС басшыларымен бірге 4 млрд теңгені жымқырған. Соңғы аталғандар да бұрын ұсталып, қазір үстерінен тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек республиканың криминалдық полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 30 адамды анықтады. 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4900 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3790
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2445
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3202
12 декабря родились
депутат сената парламента РК
Forbes Video

Андрей Звягинцев: откровенное интервью

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить