Абай облысында автобус 17 жолаушымен кюветке «ұшып кетті», 2 адам зардап шекті..
«Абай облысының Үржар ауданында Мақаншы ауылынан 35 шақырым жерде, қатты желдің салдарынан 31 жастағы коммерциялық жолаушылар автобусының жүргізушісі рульді басқара алмай 17 жолаушымен кюветке ұшып кетті», - деді Абай облысы Полиция департаментінен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан ауруханаға 2 адам жүгінді. Автобус Қабанбай батыр ауылы - Алматы бағытымен жүрген.
Қазіргі уақытта тиісті сараптама тағайындалды.Оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданатын болады.
