Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды әуежайы жабылды

Бүгін таңертеңнен бері Қарағандыдағы “Сары-Арқа” халықаралық әуежайы жабық, деп хабарлайды Kazinform.

Әуе айлағы жұмысын түстен кейін жандандыруды жоспарлап отыр. Әуежай дерегі бойынша, боран мен көктайғаққа байланысты Fly Arystan компаниясының Алматыға рейсі кейінге қалды. Сондай-ақ әуежай қолайсыз ауа райына байланысты осы әуе компаниясының Алматыдан келетін рейсін қабылдай алмады.

Қазір әуежай қызметкерлері ұшу жолағын мұз бен қардан тазалап жатыр.

Әуе айлағы 3117 «Қарағанды-Жезқазған» рейсін 15.00-де, ал 7122 «Қарағанды-Алматы» рейсін 17.00-де ұшыруды жоспарлап отыр.

Қазгидромет хабарлауынша, Қарағанды облысында 14 қаңтарда ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Синоптиктер бұрқасын, көктайғақ және күндіз секундына 23-28 метрге жететін жел соғады деп болжаған.

Бұған дейін өңірде тасжолдардың бес бөлігі жабылғаны хабарланған болатын.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4469 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3790
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2445
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3203
12 декабря родились
депутат сената парламента РК
Forbes Video

Казахстан в кольце друзей или врагов?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить