Ұлттық құрама мергендері тағы 4 жүлдеге қол жеткізді

Нысана көздеуден Индонезия астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы 4 медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Винтовкамен 50 метрден жатып оқ атуда Арина Алтухова чемпион атанса (626,8 ұпай). Александра Ле қола жүлдегер атанды (618,4 ұпай).

Тағы бір Ұлттық құрама спортшысы Елизавета Безрукова төртінші сатыдан көрінді (617,2). Нәтижесінде командалық сында да Қазақстан алтын жүлдені қанжығасына байлады.

25 метр нысана көздеуден
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Ал тапаншамен 25 метрден нысана көздеуде Никита Чирюкин 568 ұпаймен үздік үштікті түйіндеп, Джакартадағы медаль санын екеуге жеткізді. Бұл екі бағдарламада Олимпиада лицензиясы сарапқа салынған жоқ.

Қазір жалпы есепте Қазақстан 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен 4-орында келе жатыр.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 18 қаңтарда аяқталады. 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4461 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2746
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
25 мая родились
Данияр Акишев
экс-помощник первого президента Казахстана
Forbes Video

Как ведет свой бизнес Баян Алагузова?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить