Сұлтан Қамалетдинов ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Марат Рақымұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды.

1965 жылы 12 ақпанда Астрахан облысы, Володар ауданы, Зеленга ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Ташкенттегі жоғары командалық танк училищесін. 1997 жылы – Бронды танк әскерлерінің Әскери академиясын. 2010 жылы – Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірген.

Әскери шені: генерал-лейтенант (2020).
Қазақ, орыс тілдерін жетік меңгерген.
ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен наградталған.

1986-1989 жж. – Германиядағы Кеңес әскерлері тобы құрамының 58975 әскери бөлімінде әскери қызмет атқарған.
1989-1992 жж. – 73842 әскери бөлімінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
1992-1994 жж. – 25744 әскери бөлімінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
1994-1997 жж.– Бронды танк әскерлері Әскери академиясының тыңдаушысы.
1997-2004 жж. – ҚР ҚК әскери бөлімдерінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
2004-2006 жж. – 31775 ә/б командирі.
2006-2006 жылдары – ҚР Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті Жедел жоспарлау департаментінің аға офицері.
2006-2007 «Шығыс» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының басқармасы штабы бастығының орынбасары.
2007-2008 жж. – Өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының (жауынгерлік даярлық бойынша) орынбасары – «Оңтүстік» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының басқармасы жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы.
2008-2010 жылдары – Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабы Әскери академиясының тыңдаушысы.
2010-2012 жылдары – Өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – «Оңтүстік» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының басқармасы штаб бастығы.
2012-2013 жылдары – Өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – «Астана» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының басқармасы штаб бастығы.
2013-2016 жж. – «Астана» ӨңҚ әскерлерінің қолбасшысы.
2016-2017 жж. – Бас штаб бастығы – ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары.
2017-2019 жж. – Аймақтық қорғаныс бас басқармасының бастығы – ҚР Қарулы Күштерінің аймақтық әскерлерінің бастығы және ҚР Қарулы Күштері Бас штабының Аймақтық қорғаныс департаментінің бастығы лауазымдарында қызмет атқарды.
2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы.
2021 жылғы қарашадан бастап – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2186 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3789
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2443
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3198
Forbes Video

Рамиль Мухоряпов: как пережить отмену

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить