Ұялы байланыс операторларына 3 млрд 288 млн теңге айыппұл салынды

Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Интернет және мобильді байланыс желісіне қол жеткізу сапасын мониторингілеу және жақсарту бойынша тұрақты негізде жұмыс істеп келеді.

Министрлік өз құзыреті аясында ұялы байланыс операторларына сапасыз қызметтерін ұсынғаны үшін айыппұл салу өкілеттігіне ие.

Осылайша, 2023 жылы ведомство 782 тексеру жүргізіп, 3 млрд 288 млн теңге көлемінде айыппұл салды. Бюджетке заңнамада көзделген жеңілдікті ескере отырып, 1 млрд 644 млн теңге төленді, оның ішінде операторлар бойынша:

Tele2 - 751,4 млн теңге;

Kcell - 563,2 млн теңге;

Beeline - 329,4 млн теңге төледі.

Сондай-ақ Министрліктің 2020-2022 жылдар аралығында сапасыз байланыс үшін тексеру жүргізу және айыппұл салу статистикасымен танысуды ұсынамыз.

2020 жылы министрлік 93 тексеру жүргізіп, 47,8 млн теңге көлемінде айыппұл салды.

2021 жылы жүргізілген тексерулер саны едәуір өсті: жүргізілген 562 тексеру аясында жалпы сомасы 264 млн теңгеге айыппұл салынды.

2022 жылы Министрлік жүргізген тексерістер саны екі есеге өсті - 1 175, нәтижесінде ұялы байланыс операторларына 1,6 млрд теңге сомасына айыппұл салынды.

Тексерулер жүргізу және айыппұлдарды ұлғайту операторлардың көрсетілетін қызметтердің сапасы үшін жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік берді.

«Мәселен, 2019-2022 жылдар аралығында айыппұлдар өскенге дейінгі кезеңде операторлар ұйғарымдардың тек 33%-ын орындады. Айыппұлдарды арттыру бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін, 2023 жылы операторлар нұсқамалардың 65%-ын орындады»,-делінген хабарламада.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2042 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3975
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2659
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3375
9 апреля родились
Болат Акчулаков
министр энергетики РК
Юрий Ильин
министр по чрезвычайным ситуациям РК
Forbes Video

Как управлять 280 аптеками, развивать супермаркеты, строить новые рестораны и открывать гостиницы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить