Жаңаөзендік пен Алматылық оқушылар Түркияда робототехника бойынша чемпион атанды

14-қаңтар күні Қазақстан құрамасы Türkiye FIRST Tech Challenge робототехника бойынша жабық чемпионатта жеңіске жетті. Жарысқа 30 - дан астам түрік командасы және екі қазақстандық Rebels және Queue командалары қатысты. Бұл Жаңаөзен және Алматы қалаларының Білім Инновация Лицейлерінің 9, 10 және 11 сынып оқушылары.

Роботтар ойынында қазақстандық оқушылар жоғары төрешілік марапаттарға да ие болды.

Алматы қаласының Queue командасының 10-11 сынып оқушылары — Дамир Әлібаев, Ерасыл Мэлс, Манас Еркінұлы, Спандияр Тұяқбай, Әлихан Дәулет, Ғизат Төреғалиев, Бақдәулет Асыл, Хабиб Атиг Ур Рахман және Алдияр Ихсанов STEM-ге жергілікті қоғамдастықты тартқаны үшін Connect Award сыйлығын алды.

Жаңаөзен қаласының Rebels командасының 9-11 сынып оқушылары - Сұлтан Бимағамбет, Бексұлтан Огланбек, Әділет Байғұбен, Ізбазар Балғамбаров, Батыржан Орынбаев, Айбек Нұралы, Бек Ерлепес, Данияр Ысқақов және Мәди Жандосов роботтың ойластырылған дизайны мен функционалдығы үшін Design Award сыйлығын алды.

«Қазақстан құрамасы түрік тарапынан эксклюзивті шақыру алды. Шәкірттерімнің шетелде жеңіске жетуі нағыз ұмытылмас сезім. Енді Астанада өтетін Орталық Азия кезеңіне қарқынды дайындаламыз», - деді Rebels командасының жаттықтырушысы Жөндер Сүлейменова.

❕Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық оқушылар Түркия чемпионатына жолдаманы өткен жылдың желтоқсанында Оқу-Ағарту Министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен USTEM Foundation қоғамдық қоры ұйымдастырған Almaty Tech Cup республикалық турнирінде жеңіп алған болатын.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2474 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4303
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 3010
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3763
22 сентября родились
Кайрат Боранбаев
президент Национального паралимпийского комитета Казахстана, участник рейтинга «50 богатейших бизнесменов Казахстана»
Forbes Video

Берик Каниев: Мы не можем всю жизнь быть сырьевой страной

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить