Қазақстан Үкіметі Дүниежүзілік банкпен серіктестікті әрі қарай нығайтуға ниетті - Смайылов

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Татьяна Проскуряковамен кездесті.

ҚР Үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде тараптар экономиканы дамыту, цифрландыруды енгізу, қоршаған ортаны қорғау және т. б. салалар бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Үкімет басшысы 30 жылдық серіктестік барысында елімізде жалпы сомасы $8 млрд-тан астам 48 бірлескен жобаның сәтті іске асырылғанын атап өтті. Бүгінде 6 жоба белсенді түрде жүзеге асырылуда.

Оның сөзінше, Дүниежүзілік банкпен серіктестік инклюзивті және тұрақты дамуға қол жеткізу үшін Қазақстанда іске асырылып жатқан реформаларды қолдауға бағытталған. 20 жылдан астам сәтті жүзеге асырылып жатқан Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы оның айқын мысалы болып табылады.

«Қазақстан Үкіметі Дүниежүзілік банкпен серіктестікті әрі қарай нығайтуға ниетті», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Татьяна Проскурякова Ұйым Қазақстан бойынша жаңа жобаларды дайындауды жандандырғанын, оған былтыр тамызда өткен келіссөздердің ықпал еткенін атап өтті. Оның ішінде Үкіметтің шалғай елді мекендерді интернетке қосу бағдарламасы да бар.

«Бұл Орталық Азиядағы барлық ел үшін жақсы үлгі болады деп ойлаймын. Менің ойымша, Қазақстанның өңірлік көшбасшы ретіндегі рөлі нығая түспек», — деді ол.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2715 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2746
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
25 мая родились
Данияр Акишев
экс-помощник первого президента Казахстана
Forbes Video

Профессор Алмаз Шарман - об антиваксерах, БАДах, коллапсе медицины и замены врачей на роботов

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить