2023 жылы жер қойнауын пайдаланушылардан 10,6 трлн теңге салық түскен

2023 жылдың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың еліміздің шоғырландырылған бюджетіне салықтық түсімдері 10,6 трлн теңгені құрады.

ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, салық бақылауында 5 183 жер қойнауын пайдаланушы бар, олардың салық түсімдері республикалық бюджеттің 35 пайызын және Ұлттық қордың 100 пайызын қамтамасыз етеді.

2023 жылғы салықтық бақылау нәтижелері бойынша жер қойнауын пайдаланушылардан 561 млрд теңге өндірілді.

Бұдан басқа, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап өндірілетін металдарға пайдалы қазбаларды өндiру салығының ставкаларын ұлғайту нәтижесінде бюджетке шамамен 160 млрд теңге түсті.

Қазіргі уақытта табиғи рентаны әділ алу мақсатында елімізде өндірілетін басқа да қатты пайдалы қазбалардың әлемдік бағалары мен конъюнктурасына талдау жүргізілуде.

Сондай-ақ трансферттік баға белгілеуді, капиталды шығаруды бақылау шараларын күшейту шеңберінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) сарапшылары қолдаған трансферттік баға белгілеу туралы Заңға түзетулер әзірленді.

Аталған түзетулер әлемдік және отандық тәжірибені ескере отырып әзірленді және халықаралық іскерлік операцияларда мемлекеттің шығындарын болдырмауға бағытталған.

Заң жобасы Парламент Мәжілісінде талқыланып жатыр.

«Сондай-ақ, 2023 жылы ЭЫДҰ сарапшылары іс-сапармен келді, олар Қазақстанның халықаралық және ішкі құқықтық базасы ақпаратпен жұмыс істеу кезінде құпиялылық талаптарының сақталуына жеткілікті кепілдік беретінін атап өтті»,-делінген ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2552 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3975
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2657
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3371
8 апреля родились
Геннадий Головкин
чемпион мира по боксу
Марат Тажин
Чрезвычайный и Полномочный посол Республики Казахстан в Чешской Республике
Наталья Коржова
президент казахстанской Финансовой академии, глава Евразийского сетевого финансового института
Forbes Video

Данияр Алшинов: путь в мировое кино

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить