«SHYMKENT» ӘКК-ге шамамен 105 млн теңге айыппұл салынды

Шымкент қаласы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша «SHYMKENT» «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (бұдан әрі - ӘКК) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 105 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Шымкент қаласының прокуратурасы.

Яғни, ӘКК кәсіпкерлермен келісімшарт жасау кезінде шарттық міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әртүрлі пайыздық айыппұлдар қолданғаны анықталды.

Мысалы, ЖШС-нің бірімен бірлескен қызмет туралы жасалған келісімге сәйкес құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі бұзушылықтар үшін ӘКК 0,01% мөлшерінде айыппұл төлеуді міндеттеген, ал осыған ұқсас бұзушылықтар үшін басқа ЖШС-ге 5% қолданылған.

Айтарлықтай айырмашылық пен әртүрлі шарттардың талаптарын қолдану кәсіпкерлердің құқығын өрескел бұзған.

Кәсіпкерлік кодекстің 174-бабына сәйкес үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің басқа тұлғалардың заңды құқықтарын бұзатын әрекеттеріне тыйым салынады.

Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты прокуратураның уәждерімен келісіп, ӘҚБтК-нің 159-бабының 3-1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ӘКК кінәлі деп тауып, 104,7 млн. теңге айыппұл салды (нарық субъектілерінің үстем жағдайын теріс пайдалануы).

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2834 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2746
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
25 мая родились
Данияр Акишев
экс-помощник первого президента Казахстана
Forbes Video

Маргулан Сейсембай: о Казахстане в эпоху Токаева

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить