2025 жылы білім мекемелері педагог емес қызметкерлерінің жалақысы 100% артады

2025 жылы білім беру ұйымдарының педагог емес қызметкерлерінің жалақысы 100 пайызға артады. Бұл жайында Оқу-ағарту министрлігінен мәлім етті.

«Мемлекет басшысы мен ел Үкіметі бюджет саласы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мәселесіне үнемі ерекше назар аударады. Бюджет саласының қызметкерлерінің, оның ішінде педагогтердің жалақысы бірнеше рет (2001 жылы — 30, 2002 жылы — 35, 2004 жылы — 20, 2006 жылы — 32, 2007 жылы — 30, 2008 жылы — 8, 2009 жылы — 25, 2010 жылы — 25, 2011 жылы — 30, 2014 жылғы 1 сәуірден бастап — 10, 2016 жылы шамамен — 11, 2019 жылы шамамен 50 пайызға) көтерілді. Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаға сәйкес, 2020-2023 жылдары кезеңінде педагогтердің жалақысы екі есеге (2020 жылы — 25 (2019 жылғы базаға қарағанда), 2021 жылы — 50, 2022 жылы — 75 және 2023 жылы — 100 пайызға) артты. Сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие және оқыту педагогтерінің жалақысы 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап тағы 30 пайызға көтерілді. Биыл педагогтердің жалақысын арттыру қарастырылмаған», — деп атап өтеді министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай.

Ведомствоның мәліметінше, Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасын орындау үшін білім беру ұйымдарында қызмет атқаратын педагог емес қызметкерлердің (әкімшілік және қосалқы персонал қызметкерлерінің) жалақысы 2022-2025 жылдар кезеңінде орта есеппен 20 пайызға көтеріліп жатыр.

Мәселен, олардың жалақысы 2022 жылы — 23, ал өткен жылы — 45 пайызға ұлғайды.

«Осылайша, білім беру ұйымдарының әкімшілік және қосалқы персонал қызметкерлерінің жалақысы 2024 жылы 71 пайызға өсті. Аталған санаттағы қызметкерлердің жалақысын 2025 жылы 100 пайызға арттыру жоспарланған», — деді министрліктен.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4159 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3975
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2657
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3371
8 апреля родились
Геннадий Головкин
чемпион мира по боксу
Марат Тажин
Чрезвычайный и Полномочный посол Республики Казахстан в Чешской Республике
Наталья Коржова
президент казахстанской Финансовой академии, глава Евразийского сетевого финансового института
Forbes Video

Что будет с экономикой Казахстана в 2021 году? Мнение экспертов

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить