ҚазҰУ-да гальваникалық қаптамалар дайындайтын ғылыми-өндірістік орталық ашылды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдық мерейтойы аясында университет базасында химиялық гальваникалық қаптамалар шығаратын Chemical Coating Innovations ғылыми-өндірістік орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Орталықтың ашылу рәсіміне ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, оқу ордасының оқытушы-профессорлар құрамы мен ғалымдары қатысты.

Жоба ҚР ҒЖБМ Ғылым қорының қаржылай қолдауымен жүзеге асып отыр. Мұнда ғалымдар машина жасау және техникалық құрал жасау қажеттіліктері үшін, сондай-ақ кәдесыйлар мен зергерлік бұйымдары өңделіп, арнайы гальваникалық қаптамалар шығарумен айналысады.

Ашылу салтанатына жиналғандар алдымен өндірісті аралап, материалдық-техникалық базамен танысты. Жоба жетекшісі Алина Галиева қонақтарға ғылыми-өндірістік орталық туралы ақпарат беріп, кеңінен таныстырды.

Орталық жұмысымен танысқан вице-министр Дархан Ахмед-Заки ғалымдардың жұмысына сәттілік тілеп, отандық ғылымды дамытуда заманауи өндірістерді дамытудың маңызды екенін жеткізді.

«ҚазҰУ-да дайындалатын гальваникалық қаптамалар өнімнің қызмет ету мерзімін ұзартады. Яғни бұл өндірушіге де, тұтынушыға да пайдалы. Бұл – тат басудан қорғаудың жаңа әрі тиімді әдісі. Сондай-ақ жаңа орталық өндіріс технологі және операторы мамандарын даярлайды», – деп атап өтті ҚазҰУ басшысы Жансейіт Түймебаев.

Сонымен қатар Chemical Coating Innovations ғылыми-өндірістік орталығының жетекшісі Алина Галиева өз сөзінде алдағы уақытта әртүрлі агрессивті ортадан қорғайтын қаптамаларды алу және қолдану технологияларын әзірлеу жоспарда бар екенін айтты.

«Бүгінде елімізде электрохимиялық қаптамаларды жасау жұмысы қарқынды дамып жатыр деп айта алмаймыз. Мұндай ғылыми-өндірістік орталықтар іс жүзінде жоқ. Электрохимиялық қаптамалардың қасиеті мен құны өте тиімді және тәжірибеде берік болады. Қазіргі уақытта біздің орталықта мырыштау, никельмен қаптау және мыс өңдеу желілері орналасқан қойма бар. Өндіріс жылына он мыңдаған шаршы метр қаптамалар алуға мүмкіндік береді», – дейді Алина Галиева жобаны таныстыру барысында.

Жобаны іске асыру өнеркәсіп секторының нақты сұранысына негізделген. Теміржол саласының алпауыты саналатын француздық ALSTOM компаниясының технологиясы бойынша теміржол автоматикасын шығаратын машина жасау зауыты – «ҚазЭлектроПривод» БК ЖШС халықаралық стандарттарға сәйкес қапталатын қорғау қаптамаларын алу технологиялары мен қызметтерін қажет етті.

Осы ретте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да электрохимиялық технологиялардың тұтас жүйесі әзірленген, олардың ішінде әртүрлі мақсаттағы электролиттік қаптамаларды алу технологиялары коммерцияландыруға ұсынылды.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3981 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3975
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2657
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3371
8 апреля родились
Геннадий Головкин
чемпион мира по боксу
Марат Тажин
Чрезвычайный и Полномочный посол Республики Казахстан в Чешской Республике
Наталья Коржова
президент казахстанской Финансовой академии, глава Евразийского сетевого финансового института
Forbes Video

Бейбит Алибеков: как совмещать luxury-жизнь и активную гражданскую позицию?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить