«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, ертең елімізде аяздың беті қайта бастайды.
Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстан бойынша 18-20 қаңтарда аяз біртіндеп әлсіреп, күн жылып, қар жауады.
«Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсері төмендеп, күн жыли бастайды, қар жауады. Ал елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күн құбылмалы болады, көбіне қар жауады, көктайғақ болып, боран соғып, жел күшейеді. Түнде және таңертең ел аумағында тұман болады деп болжанып отыр», - деп жазылған Қазгидромет таратқан ақпаратта.
