2023 жылдың қорытындысында 32 шет мемлекеттің азаматы Қазақстан аумағында құқық бұзушылық жасағаны анықталды. Мұндай деректі Бас прокуратура хабарлады.
Ведомство ұсынған дерекке сәйкес, өткен жылы шетелдік азаматтар еліміздің аумағында 2072, оның ішінде 301 жат қылық, 584 жеңіл, 95 аса ауыр, 772 орташа ауыр және 320 ауыр қылмыс жасаған.
Азаматтары жиі құқықбұзушылық жасаған елдердің бестігінде Өзбекстан (822), Ресей (439), Тәжікстан (203), Қырғызстан (184) және Пәкістан (144) бар.
Бұл мемлекеттердің ішінде 40 өзбекстандық, 18 ресейлік, 9 тәжікстандық, 9 қырғызстандық, 8 ирандық, 6 украиналық, 2 түркиялық, 1 пәкістандық, 1 беларусь аса ауыр қылмыс жасаған.
Жалпы былтыр еліміздің аумағында мына елдердің азаматтары түрлі құқық бұзушылық жасап, қолға түсті: Әзербайжан (55), Украина (23), Қытай (16), Беларусь (14), Моңғолия (14), Түркия (14), Түрікменстан (13), Ауғанстан (10), Иран (10), Армения (8), Бангалдеш (8), Үндістан (8), Непаль (8), Грузия (7), Шри Ланка (4), Молдова (3), Сербия (3), Германия (2), Италия (2), Нигерия (2), Ұлыбритания (1), Корея Халық Демократиялық Республикасы (1), Оңтүстік Корея (1), БАӘ (1), АҚШ (1), Франция (1), Хорватия (1).