Қазақстанда алғаш рет балалар ауруханасында ойын алаңы ашылды

Атырау облыстық балалар ауруханасындағы бес бөлімшеде кәмелетке толмаған науқастар үшін ойын алаңы ашылды. Оған демеушілік көмекпен 4 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалған.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәліметінше, балалар ауруханасында жылына 7 мыңға жуық науқас қабылданады.

Науқас балалардың 70 пайызы — шұғыл, ал, 30 пайызы — жоспарлы емделу мақсатында түседі.

«Балалары ем алатын ата-аналар тарапынан көптеген ұсыныс түсіп жүр. Соған байланысты ойын алаңдары облыстық балалар ауруханасының травматология, педиатрия, хирургия, неврология, реабилитация және оториноларингология бөлімшелерінде жабдықталды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Демеуші компанияның бас директоры Әлия Жақсылықованың айтуынша, ойын алаңдарын жабдықтау жұмысы қазан айында басталған.

«Бұл — біздің қайырымдылық шарамыз. Ауруханада емделетін балалардың ойлау қабілетін дамытуға үлсе қосықымыз келді. Сол мақсатпен ойын алаңдары балалардың ақыл-ойын жетілдіруге қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді», -дейді Әлия Жақсылықова.

Оның айтуынша, ойын алаңдарына күрделі жөндеу жүргізіп, құрал-жабдықтармен қамтуға 4 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудағы жарылыстан зардап шеккен екі баланың жағдайы әлі де ауыр екенін ​​​​​​​жазған едік. 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2403 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3975
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2660
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3378
9 апреля родились
Болат Акчулаков
министр энергетики РК
Юрий Ильин
министр по чрезвычайным ситуациям РК
Forbes Video

Раимбек Баталов – о молоке, кредитах и прозрачности

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить