Үкіметте «Қазақтелеком» компаниялар тобын демонополизациялау барысы талқыланды

Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Қатысушылар «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобын демонополизациялау барысын талқылады.

Атап айтқанда, мобильді операторлардың бірін бәсекеге қабілетті нарыққа шығару процесі қарастырылды. Қазіргі уақытта әлеуетті шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатқаны айтылды.

Жалпы бұл шара халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, телекоммуникация саласының дамуына оң әсерін тигізеді деп күтілуде.

Премьер-Министр бұл бағыттағы жұмысты жеделдетуді тапсырды.

Отырыста сондай-ақ химия өнеркәсібіндегі және басқа да салалардағы бірқатар кәсіпорынның жұмысы талқыланды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2323 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4302
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 3010
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3763
21 сентября родились
Иоган Меркель
член Конституционного совета, экс-заместитель генерального прокурора РК
Мухамеджан Турдахунов
учредитель Рудненского цементного завода, экс-президент ССГПО
Forbes Video

Израильский архитектор Роман Шнайдерман стал казахстанским фермером

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить