Бүгінде аймақта І-санатты жұмыртқаның 10 данасы 570 теңгеден сатылып жатыр. Сондай-ақ, жұмыртқа тапшылығы да байқалмайды.
«Ертіс» ӘКК» АҚ ақпараты бойынша, кәсіпкерлерге несие беру арқылы бағаны тұрақтандыратын арнайы механизм ойластырылған.
Бүгінгі күнде Өскемен қаласы бойынша 24 павильонда жұмыртқаның 10 данасын 570 теңгеден сатып алуға болады.
Аталмыш тауар жақын маңдағы аймақтардан жеткізіліп жатыр.
Айта кетсек, қысқа мерзімге бағаны тұрақтандыру жүйесі арқылы жергілікті тұрғындардың жұмыртқа өніміне деген сұранысы анықталып, бұл жұмысты 11 ақпанға дейін жалғастыру жоспарланды.
