Қазақстанға Отырардан шыққан ғұлама ғалым Исмаил бин Хаммад әл-Жауһари әл-Фарабидің «Ас-Сихах» кітабы жеткізілді

Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ұлттық қорға енген мұралардың қатарында Отырардан шыққан ғұлама әрі ақын Исмаил бин Хаммад әл-Жауһари әл-Фарабидің «Ас-Сихах» атты кітабы да бар. Кітап атауының қазақша аудармасы «Тіл тәжі және араб тілінің дұрыс сөздері» деп аталады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Орталық мемлекеттік архивінің қызметкерлері «Архив – 2025» бағдарламасы аясында Мысыр Араб Республикасынан көптеген тың деректерді елге жеткізді.

Сириядағы «Әл-Ассад ұлттық кітапханасынан табылған құнды еңбек – 40 мың түбірді біріктірген араб тілінің классикалық түсіндірме сөздігі ретінде бағалы. Сөздік араб тілі ғана емес, әдебиеті жөнінде де аса бай мағлұмат береді. Отырарлық ғұлама ғалымның аталған еңбегінің тағы бір қолжазба үлгісі Каир қаласындағы әл-Азһар универсиетінің кітапханасынан анықталып, көшірмесі алынды.

«2022 жылы архивтің қызметкерлері елге жеткізген «Ас-Сихах» еңбегі ғалымдар тарапынан зерттелуде. Құнды мұраның елімізде жоқ түпнұсқасының бір бөлігінің табылуы маңызды жаңалықтың бірі саналады. Себебі Исмаил әл-Жауһари әл-Фарабидің бұл шығармасы жалпы 6 томнан тұрады. Осыған дейін ғұламаның «Ас-Сихах» еңбегінің бір томы Алматы қаласындағы Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында қолжазба күйінде сақталған болатын. Мұнан бөлек бұл құнды еңбектің әртүрлі қолжазба нұсқалары Лондон, Берлин, Лейден, Париж қалаларындағы кітапханалардың қорында бар. Архив мамандарының Мысырдан тапқан нұсқасы елдегі нұсқаларды толықтыратынына сенім мол»,- деді Орталық мемлекеттік архивінің директоры Сәбит Шілдебай.

ҚР Орталық мемлекеттік архивінің ғылыми өкілдері Ресей, Франция, Қырғызстан, Белоруссияның мемлекеттік архивтерінде, сонымен қатар, Түркия, Иран, Египет сияқты елдердің кітапханалары мен архивтерінде жұмыс істеп, Қазақстан тарихына қатысты барлығы 20 мың парақтан астам құжат анықтап, көшірмесін әкелді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4576 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3973
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2657
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3371
8 апреля родились
Геннадий Головкин
чемпион мира по боксу
Марат Тажин
Чрезвычайный и Полномочный посол Республики Казахстан в Чешской Республике
Наталья Коржова
президент казахстанской Финансовой академии, глава Евразийского сетевого финансового института
Forbes Video

Профессор Алмаз Шарман - об антиваксерах, БАДах, коллапсе медицины и замены врачей на роботов

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить