Қазақстан Италияға негізгі бидай жеткізуші мемлекеттердің бірі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапары аясында Bonifiche Ferraresi компаниясының Бас атқарушы директоры Федерико Веккьониді қабылдады, деп мәлім етті Ақорданың баспасөз қызметі.

Қ. Тоқаев пен Ф.Веккьони Қазақстанның аграрлық секторындағы инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.

ҚР Президенті еліміз бидай өсіру бойынша көшбасшы елдердің қатарына кіретінін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан Италияға негізгі бидай жеткізуші мемлекеттердің бірі, сондай-ақ ел ішінде астық өңдеу үлесін арттыруды жоспарлап отыр.

Қазақстан Италияға негізгі бидай жеткізуші мемлекеттердің бірі – Президент
Фото: Аqorda

Өз кезегінде Федерико Веккьони компанияның Қазақстанда италиялық технологияларды пайдалана отырып, дәнді дақылдарды өсіру және өнімді одан әрі терең өңдеу жөніндегі жобаларды іске асыруға, сондай-ақ мамандар даярлауға және технология трансфертіне қатысты жоспары туралы айтты.

Мемлекет басшысы Үкіметтің компанияға жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар италиялық компания интенсивті бау-бақша шаруашылығын және тұқым шаруашылығын дамыту жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2356 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4303
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 3010
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3763
21 сентября родились
Иоган Меркель
член Конституционного совета, экс-заместитель генерального прокурора РК
Мухамеджан Турдахунов
учредитель Рудненского цементного завода, экс-президент ССГПО
Forbes Video

Джохар Утебеков: Новый старый Казахстан

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить