Электрондық коммерция 2020 жылмен салыстырғанда төрт есеге өсті

Қазақстандағы электрондық сауданы заңнамалық реттеудің дамуын ҚР Сауда және интеграция министрлігінің, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың, жеке сектордың өкілдері және халықаралық сауда орталығының сарапшылары Астанадағы семинарда талқылады.

Қатысушылар электрондық сауда саласындағы ахуал туралы пікір алмасты, шетелдік маркетплейстерді тіркеу және Қазақстан аумағында қызмет жүргізгені үшін салық төлеу мәселелерін қозғады. Сонымен қатар, электрондық транзакцияларды жасауға және интернеттегі төлемдердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды.

«Пандемиядан кейін электронды коммерция секторында өсім байқалды. Егер пандемия кезінде Қазақстандағы e-commerce үлесі небәрі 3%-дық ұраса, 2023 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 13%-ды құрап отыр. Бүгінде мемлекеттің алдында электронды сауданы дамытуды ынталандыру міндеті тұр. Нақты нормативтік-құқықтық орта электрондық коммерция секторының одан әрі өсуіне ықпал етеді», - деді Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев.

Мемлекет пен бизнес жақын арада электронды сауданы реттейтін жеке заң әзірлеу мәселесін шешуі тиіс.

Қазақстан ДСҰ-ның электрондық коммерция жөніндегі бірлескен мәлімдемесінің жұмыс бағдарламасы мен бастамасына, сондай-ақ ЕАЭО шеңберінде электрондық коммерция нарығын дамыту жөніндегі келіссөздерге белсенді түрде қатысуда. Қазақстанның ұсынысы бойынша ХСО Ready4Trade Орталық Азия жобасы аясындаэлектронды коммерция саласындағы ұлттық заңнамаға талдау жұмыстарын жасады.

Сарапшылар бірқатар бағыт бойынша зеррттеу жұмыстарын жүргізді: онлайн тұтынушылардың құқықтарын қорғау, электрондық цифрлық қолтаңба және құжаттарға қол қою кезінде оның аутентификациясы, коммерциялық электрондық хабарламалар, ашық үкімет деректері, электрондық шарттар, кибер және ақпараттық қауіпсіздік, электронды транзакциялар мен төлемдер және т.б.

ХСО сарапшысы, Ақпарат және коммуникациялар саласындағы құқық профессоры Ян Уолденнің айтуынша, тұтастай алғанда Қазақстанның заңнамалық нормалары мен ережелері аталған барлық бағыттарды толық қамтиды. Бұл ретте деректерді қорғау, криптографияны пайдалану, коммерциялық электрондық хабарламалар сияқты бірқатар тақырыптар қосымша регламенттеуді және нормативтік құжаттарды әзірлеуді талап етеді.

Өз кезегінде Азия мен Африкадағы техникалық қолдау жобаларының сарапшысы Джайлз Чаппелл цифрландыру саласындағы нормативтік-құқықтық базаны құру және реформалау кезінде шағын орта бизнес қажеттіліктерін ескеру маңызды деп санайды. Әлемнің көптеген елдері дәл осындай жолмен жүріп келеді.

Қайрат Балықбаев атап өткендей, Қазақстанда қолданыстағы сауда қызметі туралы заң оффлайн және онлайн сауданың негізгі процестерін реттейді. Бұл ретте заңнамаға белгілі бір түзетулер енгізу қажет екенің атап өтті.

«Қазақстанда электронды коммерция туралы жеке заң жасау идеясын шағын және орта бизнес өкілдерінің барлығы бірдей қолдамайды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі әзірленуде, мүмкін осы құжат аясында қажетті өзгерістерді қарастыру керек шығар. Сондықтан біз барлық мүдделі тараптармен пікір алмасу үшін жиналдық», - деп түйіндеді сөзін вице-министр.

Мемлекеттік және жеке сектор өкілдерімен консультациялар мен пікірталастардың нәтижелері бойынша халықаралық сарапшылар «QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесе отырып, электрондық және қағазсыз сауда саласындағы заңнаманы әзірлеу жөніндегі ұсынымдарды қамтитын Жол картасын жасайды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4055 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3973
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2657
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3371
8 апреля родились
Геннадий Головкин
чемпион мира по боксу
Марат Тажин
Чрезвычайный и Полномочный посол Республики Казахстан в Чешской Республике
Наталья Коржова
президент казахстанской Финансовой академии, глава Евразийского сетевого финансового института
Forbes Video

Кризис логистики в Казахстане

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить