Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады

2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, 5,9 млрд теңгені құрады, energyprom.kz деп хабарлайды.

Осы кезеңде такси қызметін 47,4 млн адам пайдаланған, бұл бір жыл бұрынғыдан 2% аз. Жолаушылар айналымы бір жылда 44% төмендеп, 1,4 млрд жкм болды.


Былтырғы қаңтар–қарашада такси секторындағы негізгі капиталға салынған инвестиция бір жыл бұрынғы 495,1 млн теңгемен салыстырғанда 751,9 млн теңгеге жетті. Құндық мәндегі инвестицияның жылдық өсімі 51,8%.

Инвестицияның ең көп көлемі Алматыға түсті: 360,6 млн теңге — бір жыл бұрынғыдан 6,9 есе көп. Өңірдің үлесі ҚР-ның 48%-ы.

Қаржы министрлігі такси жүргізушілері үшін жаңа салық режимін әзірлеуде, деп хабарлайды inbusiness.kz. Талапқа сәйкес, такси жүргізушілері салық органдарына келіп тіркелуі керек немесе мобильді қосымша арқылы онлайн (жеке кәсіпкер ретінде) тіркеле алады. Бұл үшін қажетті жағдайлар жасалған. Дегенмен, жүргізушілерді салық төлеуден босату және бұл жауапкершілікті операторларға жүктеу мүмкіндігі де қарастырылуда.


2023 жылдың желтоқсаында такси тарифтері өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 9,1% өсті.

Өңірлер бойынша баға ең көп Алматы қаласында өсті: бір жылда 30,3%. Одан кейін Ақтөбе және Абай облыстары: тиісінше 22,1% және 17%.

Такси қызметі құнының ең аз жылдық өсімі Маңғыстау облысында тіркелді: 1,2%. Тағы үш облыста — Алматы, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстанда баға бір жыл бұрынғы деңгейде қалды.


Биыл 15 қаңтардағы жағдай бойынша, Numbeo дерегінше, стандартты тариф бойынша 1 км такси қызметтерінің ең жоғары бағасы Швейцарияда (4,63 АҚШ доллары), Люксембургте (3,29 АҚШ доллары) және Кувейтте (3,25 АҚШ доллары) болды.

Қазақстанда такси қызметінің құны 0,61 АҚШ долларын құрады, бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Әзербайжанда стандартты тариф бойынша 1 км үшін такси ақысы 0,59 АҚШ доллары, Ресейде — 0,34 АҚШ доллары, Украинада — 0,32 АҚШ доллары, Беларусьте — 0,31 АҚШ доллары, Армения мен Өзбекстанда — 0,3 АҚШ долларын құрайды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4333 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3976
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2663
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3380
Forbes Video

Түркияның IT-нарығын бағындырған қазақ кәсіпкері

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить