«ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылғы өндірістік қорытындыларын шығарды. Есепті кезеңде мұнай тасымалдау және тауар айналымы бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізілді.
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі бойынша бөлек мұнай тасымалдау көлемі 44 млн 188 мың тонна мұнайды құрады. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 3 млн 532 мың тоннаға артық.
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі 17 млн 426 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 479 мың тоннаға аз. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС 5 миллион 408 мың тонна мұнай, «ПетроКазақстан Ойл Продактс» ЖШС – 5 миллион 729 мың тонна мұнай, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС – 5 миллион 436 мың тонна мұнай, «CASPI BITUM» БК ЖШС – 853 мың тонна мұнай жеткізілді.
«Өзен – Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау – Самара» учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 10 млн 317 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 879 мың тоннаға артық.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ТОН-2 мұнай құбырының учаскесі 11 млн 242 мың тонна мұнай тасымалдады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 207 мың тоннаға артық.
«Атасу-Алашанькоу» магистральдық мұнай құбырына 11 млн 199 мың тонна мұнай ауыстырып тиелді. 2022 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 52 мың тоннаға кем.
«Каспий құбыр консорциумы-К» АҚ жүйесіне мұнайды ауыстырып тиеу көлемі 3 млн 241 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 2 млн 96 мың тоннаға көп.
«ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік ауқатын пайдаланып, Ақтау портында мұнайды танкерлерге тиеу көлемі 3 млн 376 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 1 млн 108 мың тоннаға артық.