Римде қазақстандық апорт таныстырылды

Италия Республикасындағы ресми сапары аясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев FAO бас директоры Цюй Дунъюмен кездесті. Қазақстан президенті Біріккен Ұлттар Ұйымының «Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының» (FAO) басшысына осы ұйымның «Бір ел - бір басым өнім» бағдарламасына қатысатын әйгілі қазақстандық апортты таныстырды.

FAO Бас директорымен кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстаннан өзге елдерге де танымал сорт туралы айтып берді.

- Қазақстан алманың отаны ретінде кеңінен танымал. Апорт алмасы еліміздің ең ірі мегаполисі, менің туған қалам Алматының маңында өседі. Қазақ тілінен аударғанда «Алматы» «алманың мол жері» дегенді білдіреді, - деді президент.

Апорт жемісі үлкен көлемімен, тамаша иісімен және дәмді шырынымен ерекшеленеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның апортты әлемдік нарықтың алдыңғы қатарына жылжыту жөніндегі бастамасын FAO басшысы Цюй Дунъюй қолдайтынына сенім білдірді.

1970 жылы Қазақстанда 3,8 миллион апорт ағашы болса, 1984 жылы 1,4 миллион ғана қалды.2000 жылға қарай Қазақ жеміс-жидек және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында сорттың 115 формасы мен клонынан тұратын коллекция жасалды. 2012 жылы сортты қалпына келтіру және жасарту бойынша ғылыми зерттеулер басталды, оның ішінде Сиверс алма ағаштарына апорттың эксперименттік бағы салынды, онда 2023 жылы салмағы 400-500 г болатын алғашқы ірі жемістер алынды.

Аты аңызға айналған апорттың Италиядағы стендін жас PhD ғалымдары Сағи Солтанбеков пен Балнұр Қабылбекова сүйемелдеп, итальяндық журналистер мен кездесуге қатысушыларға қазақстандық алма туралы айтып берді.

FAO -ның «Бір ел – бір басым өнім» бағдарламасы 2021 жылдың қыркүйегінде іске қосылды. Бағдарлама ерекше құнды ауылшаруашылық өнімдерін, яғни географиялық аймаққа, ауыл шаруашылығы тәжірибесіне және мәдени мұраға байланысты бірегей сапалары мен ерекше сипаттамалары бар өнімдерді «жасыл» дамыту бастамаларына бағыттайды.

Бағдарламаға өз өнімдерімен басқа елдер де қатысуда. Мысалы, Түркия інжірді, Молдова асханалық жүзімді, Өзбекстан шиені елдің ерекше құнды ауылшаруашылық өнімі ретінде бекіткен.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3189 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2746
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
25 мая родились
Данияр Акишев
экс-помощник первого президента Казахстана
Forbes Video

Ректоры крупнейших частных вузов Казахстана о проблемах образования

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить