Италиядан келген инвестор Қазақстанда астықты терең өңдеуді жолға қоюды жоспарлап отыр

Италияның ірі холдингі Bonifiche Ferraresi Қазақстанда дәнді дақылдар өсіруді жоспарлап отыр. Сондай-ақ инвестор елімізде астықты терең өңдеуді жолға қоюды көздеп отыр, деп хабарлайды ҚХА ақпараттық агенттігі .
 
Бұл туралы ақпарат Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев пен әйгілі итальяндық агрохолдингтің басшысы Федерико Веккионидің кездесуінде айтылды.
 
«Қасым-Жомарт Тоқаев біздің еліміздің бидай өсіру бойынша көшбасшылар қатарында екенін атап өтті. Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстан Италияға бидайдың негізгі жеткізушілерінің бірі болып табылады және бұл ретте ел ішінде астық өңдеу үлесін арттыруды жоспарлап отыр», - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Өз кезегінде Федерико Веккиони компанияның итальяндық технологияларды пайдалана отырып, дәнді дақылдарды өсіру және Қазақстанда одан әрі терең өңдеу, сондай-ақ мамандарды оқыту және технологиялар трансферті бойынша жобаларды жүзеге асыру жоспарлары туралы хабарлады.
 
Мемлекет басшысы Үкімет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
 
Сонымен қатар, итальяндық компанияға қарқынды бау-бақша және тұқым шаруашылығын дамыту бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
5434 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2746
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
25 мая родились
Данияр Акишев
экс-помощник первого президента Казахстана
Forbes Video

Ержан Есимханов — о январских событиях, коррупции и неравенстве

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить