Жер сілкінісі кезінде Air Astana ұшағы Алматыға қона алмады

Жер сілкінісі кезінде Алматы әуежайына 5 әуе кемесі қонуы керек болған, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

23 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 00.10-да Алматыда жер сілкінісі болды, ол әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесінің «мұнарасында» айтарлықтай сезілді.

Аэродром ауданында қонуға бет алған 5 әуе кемесі болды, оның ішінде 1 ұшақ қонып үлгерді. 4 әуе кемесі жер сілкінісі туралы хабардар етілді және әуе қозғалысын басқару органдарына тапсырумен аэродром аймағында күту ұйымдастырылды. Осыдан кейін аэродромды басқару орталығының басшысы мұнарадан эвакуациялауға шешім қабылдады.

Аэродромды басқару орталығында әуе қозғалысын басқару 20 минутқа созылды. Одан әрі жерасты дүмпулері тоқтаған соң, аэродромды басқару орталығы қайтадан жұмысын бастады.

Қонуы тиіс 4 ұшақтың бірі — Астана-Алматы бағытындағы Эйр Астананың КС-856 рейсінің ұшағы Түркістанның қосалқы аэродромына қонды.Қалған үшеуі еш қиындықсыз Алматы әуежайына қонды.

Сағат 00: 39-дан бастап әуежай штаттық режимде жұмыс істей бастады. Қосалқы аэдромға аттанған КС-856 рейсі Түркістаннан 02.32-де Алматыға ұшып, 03.34-те сәтті қонды.

Кезекші ауысым күтпеген жағдайда жоспарға сәйкес әрекет етті.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1977 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2746
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
25 мая родились
Данияр Акишев
экс-помощник первого президента Казахстана
Forbes Video

Почему Булат Абилов рвётся к власти?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить