Экология және табиғи ресурстар министрлігі балықты өңделмеген түрде экспорттауға тыйым салды

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 8 қарашада Атырау облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмасын орындау үшін Министрлік өңделмеген балық экспортына шектеулер енгізу мәселесін пысықтауды жалғастыруда.

Бұған дейін, 2023 жылғы 30 наурызда Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен көксерке мер жайын балықтарын 6 ай мерзімге өңделмеген түрде экспорттауға тыйым салу туралы тиісті бұйрық қабылданды (тыйым салу 2023 жылғы 15 сәуірден 15 қазанға дейін енгізілді).

Осы тыйым салу аяқталғаннан кейін Министрлік енгізілген шектеулерден экономикалық тиімділікке талдау жүргізді, бұл дайын балық өнімдері өндірісінің өсу көлемі мен жұмыс орындарының саны бойынша оң динамиканы көрсетті.

Осылайша, Министрлік көксерке мен жайын балықтарын өңделмеген күйінде экспорттауға тыйым салуды тағы алты айға ұзартты (тыйым салу ағымдағы жылдың 5 ақпанынан 5 тамызына дейін қолданылады), оны одан әрі 6 айға ұзартуға болады.
Министрлік 2025 жылға қарай толық тыйым салуға дейін өңделмеген түрдегі ең коммерциялық және гастрономиялық құнды балық түрлерінің экспортына шектеулер енгізу арқылы елдің экспортында дайын өңделген балық өнімдерінің көлемін біртіндеп ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Өңделмеген балық экспортына шектеулер енгізу елдің балық шаруашылығы су айдындарының балық ресурстарын сақтауға және орнықты пайдалануға, сондай-ақ қосылған құны жоғары терең өңделген балық өнімдері өндірісінің көлемінің өсуіне ықпал етеді, бұл қосымша жұмыс орындарын құруға, шикізатты неғұрлым тиімді пайдалануға байланысты өндірістің рентабельділігін арттыруға әкеледі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2889 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4301
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 3010
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3760
20 сентября родились
Айдын Рахимбаев
основатель и председатель совета директоров BI Group, участник рейтинга 50 богатейших бизнесменов Казахстана
Forbes Video

Ударят ли санкции по Казахстану?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить