Ғылыми қоғамдастыққа Ұлттық ғылым академиясының жаңа президенті таныстырылды

Алматы қаласында Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібай ғылыми қоғамдастыққа ҚР Ұлттық ғылым академиясының жаңа басшысы Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаевты таныстырды - деп жазды Ақорда.

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, академик Ақылбек Күрішбаев бұл лауазымға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 22 қаңтардағы өкімімен тағайындалды.

Руслан Желдібай Ұлттық ғылым академиясының бұрынғы президенті Күнсұлу Закарияға атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, Мемлекет басшысының Ғылым және инновациялар жөніндегі кеңесшісі лауазымындағы қызметіне табыс тіледі.

Іс-шараға ҚР Ұлттық Ғылым академиясының активі, ғылыми ұйымдардың басшылары мен академиктер қатысты.

Жиында Қазақстан ғылымының алдында тұрған міндеттер, ғылымның қолданбалы сипатын күшейту және ел экономикасына ғылыми әзірлемелерді енгізу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар ғалымдар Ғылым академиясының негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысты өз ұсыныстарын жеткізді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
10413 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4303
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 3010
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3763
22 сентября родились
Кайрат Боранбаев
президент Национального паралимпийского комитета Казахстана, участник рейтинга «50 богатейших бизнесменов Казахстана»
Forbes Video

Руслан Шаекин: Миллионер из Караганды

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить