Түркістан облысының суармалы жерлеріне 206 млн текше метр су жіберілді

Биылғы суару маусымына дайындық аясында топырақ құрамындағы ылғал мөлшерін арттыру бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Қысқы маусымда Мақтаарал ауданы бойынша 47 мың гектардан астам суармалы жерге су беру жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 12 мың гектарға немесе суармалы алқаптың 25 пайызында ылғалдату жұмысы жүргізілді. Ал, Жетісай ауданында ылғалдату жоспарланған 54 мың гектардың 10 мың гектарына (19%) су берілді.

«Достық» каналы бойынша су алу лимиті 1116 млн текше метрді құрайды. Оның ішінде желтоқсан-наурыз аралығындағы ылғалдату жұмыстарына 486,8 млн текше метр қарастырылған. Бүгінгі таңда аталған канал арқылы осы мақсатта 88,98 млн текше метр мөлшерінде су алынды.

«Түркістан облысының суармалы жерлеріне қысқы мезгілде су беріліп жатыр. Бұл егіс алқаптарындағы ылғал мөлшерін көбейтуге, топырақтың құнарлығын жақсартуға және ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін жасалады. Жетісай және Мақтаарал аудандарындағы ылғалдату жұмысын наурыз айына дейін аяқтау жоспарланып отыр», – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
8134 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3973
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2657
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3370
7 апреля родились
Владислав Ли
акционер, член совета директоров АО «Банк ЦентрКредит»
Forbes Video

Основатель КДЛ "Олимп" Ерлан Сулейменов: о связях с Минздравом, неудачных праймериз и вакцинировании

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить