Қазақстан - Ресей арасындағы тауар айналымы $350 млн-нан асты – Смайылов

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Астанаға делегациямен келген Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировпен кездесті - деп жазады ҚР премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы.

Ресей Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық әріптестерінің бірі.

Бұған 2022 жылы тауар айналымы көлемінің 10%-ға өсіп, $27 млрд-қа жеткені дәлел.

Өткен жылдың 11 айында да арадағы сауда-саттық жақсы нәтиже көрсетіп, шамамен $24 млрд-ты құрады.

«Қазақстан-Ресей сауда қатынастарының дамуына Башқұртстан Республикасы елеулі үлес қосуда. Аталған кезеңде өңірлер арасындағы тауар айналымы $350 млн-нан асты. Осы ретте арадағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейту үшін зор әлеует бар», — деді Әлихан Смайылов.

Өз тарапынан Башқұртстан басшысы өнеркәсіп кооперациясын одан әрі тереңдетуге және сауда қатынастарын дамытуға қызығушылық танытты.

«Біздің кәсіпорындарымыздың экономикалық ынтымақтастығы артып келеді. Мүмкіндіктер енді ғана іске асырыла басталғанын көріп отырмыз. Тауар айналымын одан әрі ұлғайту алдағы жылдардағы ортақ міндетіміз деп санаймын. Бұл үшін тиісті алғышарттардың барлығы бар», — деді Радий Хабиров.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
7319 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4299
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 3009
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3757
19 сентября родились
Анвар Сайденов
экс-председатель Национального банка РК, независимый директор Хоум Кредит Банка, БЦК, БРК
Forbes Video

Нурлан Смагулов: Цены на авто, утильсбор, долги MEGA, «агашки», аукционы, бизнес за границей

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить