Президент ҰҒА дамыту стратегиясы мен жұмыс жоспарын пысықтауды тапсырды

Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаевты қабылдады. Кездесу барысында отандық ғылымды дамыту мәселелері талқыланды - деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы былтыр жаңа мәртебе берілген Ұлттық Ғылым академиясы отандық ғалымдардың күш-жігерін біріктіріп, ғылым мен экономикаға нақты пайда әкелетін жаңалықтар енгізуге ерекше мән беруге тиіс екенін атап өтті.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының жаңа мүшелерін сайлау процесін жеделдету, Академия жұмысына талантты жас ғалымдар мен жаңа мамандарды кеңінен тарту қажет екеніне назар аударды», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар Президентке Ақылбек Күрішбаев өзі басқаратын Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ғылыми зерттеулерін және агроөнеркәсіп саласын жетілдіруге бағытталған жұмыстарын таныстырды.

Мемлекет басшысының пікірінше, оқу орнына зерттеу университеті мәртебесінің берілуі аграрлық сектордағы ғылыми әзірлемелерді нақты өндіріске енгізуге, ғылыми зерттеулердің нәтижесін коммерцияландыруға мүмкіндік береді.

«Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа міндеттерді ескере отырып, Ұлттық ғылым академиясын дамыту стратегиясы мен жұмыс жоспарын пысықтауды тапсырды. Сонымен қатар Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаған Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру маңызды екенін айтты»,- деп жазылған. 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
7106 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3973
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2657
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3370
7 апреля родились
Владислав Ли
акционер, член совета директоров АО «Банк ЦентрКредит»
Forbes Video

Ержан Есимханов — о январских событиях, коррупции и неравенстве

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить