Елімізде ипотека алатындардың бестен бірі — 30-ға дейінгі жастар

Қазақстанда ипотека көлемі жылдан жылға 17,3%-ға (1,8 трлн теңгеге) төмендеп келеді. Ал ипотека беру көрсеткіші 116,6 мыңға (19,2%) дейін азайып отыр. Бұл туралы Бірінші кредит бюросынан мәлім етті.

Бір жыл ішінде ипотека алғандардың шамамен бестен бір бөлігі — жастар. Қарыз алушылардың ішінде 30 жасқа дейінгі жастардың үлесі бір жылда 20%-ға жетті.

Ипотеканың негізгі көрсеткіш сомасы — 13 млн теңге, орташа сомасы — 15 млн теңгеге жуықтаса, ең жоғары сомасы — 2,1 млрд теңге.

«Банк секторы бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі базалық мөлшерлемеден төмен. Нарық оның төмендеуіне іс жүзінде жауап бермеді. Мысалы, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі былтыр қаңтарда 16,75% болды, көрсеткіш базалық және жыл соңындағы (желтоқсан15,75%) мөлшерлемемен шамалас» делінген ақпаратта.

Биыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша ипотекалық кредиттер портфелі 5,8 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,3% жоғары.

Кредит сомасының 61% — жаңа несиелер (2022-2023 жж алынған), NPL 90 + үлесі салыстырмалы түрде төмен, 3,4% немесе 201 млрд теңге.

Бұған дейін 2 978 теңге қарызы бар қазақстандықтың банкрот деп жарияланғанын хабарлаған едік.

Айта кетсек, өткен жылы 8,3 мың қазақстандық «банкрот» статусын алды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3598 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3973
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2657
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3371
7 апреля родились
Владислав Ли
акционер, член совета директоров АО «Банк ЦентрКредит»
Forbes Video

КОСНЁТСЯ ВСЕХ! КАК СДАТЬ ДЕКЛАРАЦИЮ В КАЗАХСТАНЕ

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить