Импортты алмастыру: Биыл 1,5 трлн теңгенің 180 жобасы жүзеге асады

 ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысында импортты алмастыруды дамыту және қазақстандық тауарлар мен қызметтердің экспорттық әлеуетін арттыру мәселесі қаралды.

Қабылданған шаралардың арқасында соңғы жылдары өңдеу өнеркәсібі экспортының көлемі өскен.

Бұл ретте Қазақстанның импортталатын тауарлардың едәуір бөлігін жергілікті жерде өндіру үшін әлеуеті жеткілікті.

«Бұл жұмысқа ел ішіндегі кадрларды, шикізат пен тауарларды барынша жұмылдыру маңызды. Үкімет бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау жұмысын жалғастырады», — деді Әлихан Смайылов.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың баяндауынша, өткен жылдың 11 айының қорытындысына сәйкес өңдеу өнеркәсібінің сыртқы сауда айналымы 12%-ға артып, $74,2 млрд-ты құраған.

2023 жылы ірі тапсырыс берушілер мен отандық өндірушілер арасында жалпы құны 66 млрд теңгені құрайтын ұзақ мерзімді 179 шарт пен оффтейк-келісімшарт жасалды.

Импорт алмастыруды ынталандыру үшін отандық өңдеушілерді қолжетімді бағада шикізатпен қамтамасыз ету механизмі іске қосылды.

Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібінде импортты алмастыруға және экспортқа бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Биыл жалпы құны 1,5 трлн теңге болатын 180 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Нәтижесінде 18 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

Қорытындылай келе, Премьер-Министр импорт алмастыруды дамыту экономика тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды фактор екенін атап өтті. 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2250 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3973
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2657
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3371
8 апреля родились
Геннадий Головкин
чемпион мира по боксу
Марат Тажин
Чрезвычайный и Полномочный посол Республики Казахстан в Чешской Республике
Наталья Коржова
президент казахстанской Финансовой академии, глава Евразийского сетевого финансового института
Forbes Video

Раимбек Баталов – о молоке, кредитах и прозрачности

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить