Үкімет Каспий теңізінің ғылыми-зерттеу институтын құру туралы қаулыны бекітті

Қазақстанда Каспий теңізінің ғылыми-зерттеу институты құрылады. Үкімет Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген институт құру туралы қаулыны бекітті.

Ғылыми-зерттеу институты Каспий теңізінің экологиялық, су деңгейінің төмендеу проблемасын, итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылу себептерін, Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау мәселелерін, ихтиофаунаны, Каспий су айдыны мен жағалауын зерттейтін болады. Сондай-ақ, Каспий аумағындағы шекаралас мемлекеттердегі әріптестерімен өзара тығыз іс-қимылды қамтамасыз ететін болады.

Институт Каспий теңізінің экожүйесі туралы шынайы және жан-жақты ақпарат береді. Бұл деректер мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың кешенді шаралар қабылдауына негіз болады. Ғылыми ұйым құру сонымен қатар Каспийді сақтау жөніндегі халықаралық және ұлттық міндеттемелерді толық көлемде орындауға мүмкіндік береді.

«Осыған дейін Мемлекет басшысы теңізді сақтау мақсатында Каспийді зерттеумен айналысатын ғылыми институт құру жөнінде тапсырма берген болатын. Мұндай ұйымдар Каспий маңындағы басқа елдерде де бар. Институтты құру бар проблемаларды кешенді түрде зерттеуге, ауқымды міндеттерді шешуге, халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік береді», - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2248 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4299
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 3009
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3757
19 сентября родились
Анвар Сайденов
экс-председатель Национального банка РК, независимый директор Хоум Кредит Банка, БЦК, БРК
Forbes Video

Айдын Аимбетов: Я готовился шесть лет, чтобы полететь в космос

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить