Бурабайдағы орман алқабы ұлғаяды

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде биыл 520 мың түп тал егу жоспарланып отыр. Осылайша, орман алқабы жас көшеттердің есебінен 65 гектарға ұлғаюға тиіс, деп хабарлайды Kazinform

Ұлттық парк қызметкерлері былтыр да 500 мыңнан астам қарағай мен қайың өскінін отырғызғанын айта кетейік. Көшеттер парктің 1960 жылы ашылған тәлімбағында өсіріледі. Қайың мен қарағайдан бөлек, мұнда қарақат, алма, таңқурай, үйеңкі және бөріқарақат сынды ағаштар егіледі.

- Жыл сайын инспекторлар қараша айынан қаңтарға дейін орманнан қарағайдың бүршігін тереді. Бұл жұмыс биыл да уақтылы жүргізілді. Жиналып, бірнеше күн кептірілген тұқым қазір тәлімбақтағы температурасы мен дымқыл деңгейі реттелетін жабық орында, арнаулы камераларда сақтаулы тұр. Көктемге салым бүр жара бастаған бүршіктерді топыраққа сеуіп, тыңайтқыш салу, арамшөбін тазалау сынды агротехникалық жұмыс жүргізіп, екі жыл баптаймыз. Содан кейін ғана тамыр жая бастаған, сабағы бірнеше сантиметрге жеткен өскін жабайы табиғат аясында өсіруге болады, - дейді Ұлттық парктің орман мен өсімдіктер әлемін қорғау және жандандыру бөлімінің бастығы Александр Ковалев.

Оның айтуынша, әдетте, көшет сәуір айының соңына қарай егіледі. Нәзік өскін жаңа топырақты жерсінуі үшін тәлімбақтан тамырындағы микрофлорасымен бірге әкеліп отырғызады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде 5 жылда 2 млрд түп ағаш отырғызу туралы кешенді жоспар жүзеге асырылып жатқаны белгілі. ҚР Президентінің Іс басқармасына қарасты мекеме де оны жүзеге асыруға үлес қосып келеді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
8132 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2746
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
24 мая родились
Наталья Годунова
председатель Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета
Куаныш Бектемиров
председатель правления АО «Энергоинформ»
Forbes Video

Жаксылык Сабитов: Почему Кунаев стал ролевой моделью для Токаева

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить