Құтқарушылар Алан-2 арнайы машинасын сынақтан өткізуде

22 қаңтардан бастап Қазақстан Қарулы Күштерінің ТЖМ 52859 әскери бөлімі мен «Спасск» оқу орталығының базасында «Алан-2» броньды доңғалақты машинасының базасында өтімділігі жоғары радиациялық, химиялық, биологиялық барлау автомобилін қысқы тәжірибелік әскери пайдаланудың екінші деңгейі жүргізілуде, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі. 

Сынақтар тәжірибелік әскери пайдалану бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.

Брондалған доңғалақты машиналарға тәжірибелік әскери сынақтар жүргізу бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде Қорғаныс министрлігінің, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, ҰҚК Шекара қызметінің, ІІМ Ұлттық ұланының мамандары, сондай-ақ «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС инженерлік-техникалық құрамы тартылды.

«Сынақ барысында өтуі қиын жерлерде терең қар жамылғысын еңсере отырып, төмен температура жағдайында базалық шасси сыналып, жүргізіліп жаттықтырылды. Агрегаттар мен жүйелердің жұмыс қабілеттілігі, пайдалану-техникалық қасиеттері, техника агрегаттарының жүктеме, жылу және жылдамдық режимдері тексерілді», — деп жазды Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Естеріңізге сала кетсек, «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС қазақстандық қорғаныс кәсіпорны ТЖМ техникалық тапсырмасы бойынша әзірлеген арнайы «Алан-2» радиациялық, химиялық, биологиялық барлау машиналары Қарағанды және Алматы облыстарында орналасқан ТЖМ әскери бөлімдеріне берілді.

Биыл тағы екі арнайы машина елдің батысы мен шығысындағы ТЖМ әскери бөлімдері техникасының паркін толықтырады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
5313 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2746
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
24 мая родились
Наталья Годунова
председатель Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета
Куаныш Бектемиров
председатель правления АО «Энергоинформ»
Forbes Video

MMA в Казахстане: как заработать на боях?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить