Астана әкімі құрылысы ұзаққа созылған мектептің қашан тапсырылатынын айтты

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram аккаунтында «Кирпичный» тұрғын алабындағы жалғыз мектеп құрылысының аяқталғаны туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Бірқатар нысанның, соның ішінде «Кирпичный» тұрғын алабындағы мектептердің құрылыс барысымен таныстым. Бұл тұрғын алабында 1966 жылы салынған жалғыз мектеп (Қамысты көшесі, 7, Байқоңыр ауданы) болды. Оқу орны апатты деп танылғандықтан, ол 2021 жылы демрнтаждау жұмыстары басталды.

Жаңа мектеп құрылысының қарқыны баяу болды, тіпті бір кездері тоқтап қалды. Осы жылдар ішінде оқушылар басқа мектепке баруға мәжбүр боп жүр. «Кирпичный» тұрғын алабында салынып жатқан мектеп құрылысы қайта басталды. Барлық мәселелер шешілді. Осы мектептің құрылысын биылғы көктемде аяқтауды жоспарлап отырмыз. Осылайша, «Кирпичный» тұрғын алабының өзінің жайлы мектебі болады.

Биылғы оқу жылында біз 11 мектеп салып, пайдалануға бердік. Оқу жылының соңына дейін тағы 4 мектепті ашамыз. Олар Қарасай батыр және Бұланты көшелері, Қамысты көшесі, 7, Қабанбай батыр даңғылы, 9/1, Таха Хусейн көшесі 5/1 бойында орналасатын болады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қалада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асырамыз. Жоба аясында 2024-2025 жылдар аралығында 90 мыңға жуық орындық (2 ауысымдық) жаңа форматтағы 24 мектеп саламыз. Олардың 15-і қарқынды дамып келе жатқан Нұра мен Есіл аудандарында орналасатын болады.

2027-2028 жылдарға дейін 200 мыңға жуық орындық (2 ауысымдық) 80-нен аса мектеп салуды жоспарлап отырмыз», - деп жазды елорда әкімі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4018 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3973
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2657
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3371
8 апреля родились
Геннадий Головкин
чемпион мира по боксу
Марат Тажин
Чрезвычайный и Полномочный посол Республики Казахстан в Чешской Республике
Наталья Коржова
президент казахстанской Финансовой академии, глава Евразийского сетевого финансового института
Forbes Video

8 глупых вопросов экономисту о Казахстане

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить