Транскаспий халықаралық көлік меморандумы жасалады

Global Gateway көлік қатынасы жөніндегі инвестициялық форум аясында Брюссельде Қазақстан мен Латвия Республикасының Көлік министрлері Марат Қарабаев пен Каспарс Бришкенстің екіжақты кездесуі өтті. Бұл туралы аталмыш министрліктің баспасөз қызметі мәлім етті.

Тараптар көлік және өңірлік байланыс жөніндегі бірлескен жұмыс тобының рөлінің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ азаматтық авиация және автокөлік саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Сонымен қатар министрлер Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту бойынша меморандум жасасу туралы сөйлесті.

ҚР Көлік министрлігінің басшысы латвиялық инвесторларды инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп іске асыруға шақырды.

«Жақын арада қазақстандық көлік компаниялары мен бизнес құрылымдарының қатысуымен мен бастаған делегацияның Балтық елдеріне жұмыс сапары күтілуде, бұл біздің көлік саласындағы қарым - қатынасымызды нығайтатынына сенімдімін, - деді М.Қарабаев.

Каспарс Бришкенс Қазақстан мен Латвия арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамытуға қызығушылық білдіріп, қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға жан-жақты жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді.

Кездесу соңында Марат Қарабаев Каспарс Бришкенс пен Латвиядан келген делегацияны осы жылдың 19-21 маусымында Астана қаласында жоспарланған New Silkway форумына шақырды. Іс-шара Көлік және логистика саласындағы халықаралық деңгейдегі әріптестікті кеңейтуге бағытталған.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3661 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3972
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2656
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3368
Forbes Video

Ким, Ракишев, Тасмагамбетова - в большом интервью Forbes Kazakhstan

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить