Әділет министрлігі шетелде мемлекетіміздің мүдделерін қорғау үшін аккредиттелген заңгерлер пулын құруды жоспарлап отыр

24 қаңтарда Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүдделерін шетелде білдіру және қорғау мәселелеріне арналған бірінші халықаралық практикалық конференция өткізді. Бұл туралы бүгін ведомство өкілдері Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында айтты.

ҚР Әділет министрлігі Мемлекеттік мүлік құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Дастан Смағұлов атап өткендей, ведомство шетелдік төреліктерде, мемлекеттік және сот органдарында еліміздің мүдделерін қорғауды және білдіруді қамтамасыз етуге жауапты бола отырып, ҚР Президенті белгілеген бағытты белсенді түрде жүзеге асырады.

Конференцияның мақсаты қазақстандық заң фирмаларының осы бағыттағы әлеуетін пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу болды.

«Сұрақтардың кең ауқымы талқыланды, өзекті мәселелер мен алдағы міндеттер пысықталды. Министрлік аталған жоспарларды жүзеге асыру кезінде отандық фирмаларды тарту қажеттілігін түсініп отыр, өйткені халықаралық форумдарда туындайтын тақырыптар көбінесе қазақстандық құқық мәселелерін қозғайды. Бүгінде салық, экология, әкімшілік-іс жүргізу және басқа да құқықтық салада тәжірибесі мол сарапшылар қажет. Қазірдің өзінде көптеген қазақстандық фирмалар мен түрлі салалардағы құқықтық сарапшылар халықаралық аренада өздерінің бәсекеге қабілеттілігін көрсете алды. Осылайша, олар Қазақстанның мүдделерін қорғауға үлес қосады. Біз отандық фирмалардың дауларды шешу бойынша халықаралық аренада табысқа жетудің кілті бола алатын тәжірибесі бар екенін түсінеміз. Министрлік өз алдына аккредиттелген және мемлекетпен даулары жоқ, кәсіби білімі мен тәжірибесі бар заңгерлер мен сарапшылардың пулын қалыптастыру міндетін қояды», – деп атап өтті спикер.

Келешекте отандық сарапшылар мен заңгерлер қазіргі даулар мен процестерді, арбитражға дейінгі және сотқа дейінгі дауларды реттеу шеңберінде, сондай-ақ құзыретті маманның пікірін алу үшін жүгінуге болатын сенімді тұлғалар ретінде тартылмақ.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3736 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3817
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2475
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3226
23 декабря родились
кинорежиссёр, продюсер
генеральный продюсер компании Art Center Production
олимпийская чемпионка, глава Центрального спортивного клуба армии
Forbes Video

Ударят ли санкции по Казахстану?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить